Басты Жаңалықтар Қазақстанға қаржы құйған 100-ге жуық инвестор Лондонда бас қосты

Қазақстанға қаржы құйған 100-ге жуық инвестор Лондонда бас қосты

Қазақстан экономикасына қаржы құйып жатқан 100-ге жуық инвестор Лондонда бас қосты. Олар жергілікті ірі бизнес өкілдеріне еліміздің инвестициялық ахуалы туралы баяндап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Геосаяси жағдай алай-дүлей болып тұрған заманда алпауыт елдердің өздері қиын кезеңдерді бастан кешуде. Дейтұрғанымен Қазақстан президенті 2029 жылға дейін экономикамызды екі есеге көтеру міндетін қойып отыр.

Бүгінгі жиын кезінде шетелдік инвесторларға жасалатын кедендік баждардан босату, түрлі салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар туралы айтылды. Панельдік сессия кезінде тәжірибелі инвесторлар көрген-білгендерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Ричард Элмер, Knight Piésold UК директоры:

Қазақстанға келіңіздер деп үгіттеп жатырмыз. Біз тау-кен саласында 8 жылдай жұмыс істеп, үкіметтің жасаған қамқорлығына риза болдық.

Марина Бекенова

Бөлісу