Жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама мамырда басталады
Жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарлама мамырда басталады. Оның мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік санатына байланысты әртүрлі. Әлеуметтік осал топ, яғни, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 7 пайыз. Өзге санаттағы азаматтарға 9 процент. Ипотеканы моноқалаларда да рәсімдеп, үй алуға болады. Бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінбек. Қазір толық шарты әлі жасалып жатыр. Несие көлемі Астана мен Алматыда 30, өзге қалаларда 18 миллион теңгеге дейін болмақ. Мұндай ипотекалық бағдарламаны іске қосуды президент Ұлттық құрылтайда тапсырған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02