Басты Жаңалықтар Қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылы картадан жойылып кетті

Қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылы картадан жойылып кетті

Енді есепте жоқ елдімекенге тоқталсақ. Қазақ-өзбек шекарасының өтіне қоныстанған Бағыс ауылы тағы да картадан жойылып кетті. Соның салдарынан мұндағы жұрт үйлеріне мемлекеттік тіркеу қағазын, жер телімдеріне кадастрлық нөмір ала алмай жүр.

Ауадағы ауыл – есепте жоқ елдімекен. Қазақ-өзбек шекарасының өтіне қоныстанған Бағыс ауылы тағы да картадан жойылып кетті. Соның салдарынан мұндағы жұрт үйлеріне мемлекеттік тіркеу қағазын, жер телімдеріне кадастрлық номер ала алмай жүр.

Сабыровтар отбасы 5-6 жылдан бері титықтап жүріп жаңа үйдің құрылысын бітіруге таяды. Бірақ не жер телімінің, не баспананың құжаты жоқ. Енді билік заңсыз құрылыс жүргізгенің үшін не айыппұл төле немесе бұзып таста деп отыр.

Гүлжан Жұманазарова, ауыл тұрғыны:

Салған кезде жеріміз белгісіз, картада жоқ едік. Сонда әкімдер «сала беріңдер, ертең жер белгілі болған соң документ істейсіңдер» деген. Енді «штраф төлейсіңдер, рұқсатсыз неге саласыңдар, ол әкімдер кеткен, біз басқамыз» деп жатыр. Енді 180 мың штраф төлеймін бе, құжат жинаймын ба соған басым жетпей отыр.
Осындай кедерігелерден отбасының 30-дан астам жаны әлі күнге қарашаңырақ үйде тіркеуде. Ауылдағы жас отбасының көбі енші алып, бөлініп шығайын десе, осы қиындықтан қорқады. Екі елдің шекарасына байланысты ратификациялау ісі аяқталған соң 2021 жылы электронды база жасақталып, тұрғындардың жылжымайтын мүлкін рәсімдеу ісі басталған болатын. Сол кезеңде 65 үйге уақытша құжт берген. Алайда былтыр күзде оның мерзімі аяқталды, артынша ауыл да базадан ізім-қайым жоғалды.

Сайлау Тұрмағанбетов, ауыл тұрғыны:

Өзінен өзі жоғалып кете береді. Призрак поселок болып тұрмыз ғой былайша айтқанда. Қайбір жылы да осындай болған. 20 жыл болды үй салып тұрып жатқаныма әлі документ істей алмай жүрмін.
Еркін Рақманқұло, ауыл тұрғыны:

 Барсақ базада жоқсыңдар дейді. Сонда біз аспанға ұшып кетеміз бе? Мұның бәрін заңға өткізетін, қызметтің бәрін орнына қоятын адамдар немқұрайлы қарап отыр.
Аудан әкімдігінің айтуынша, электронды құжат айналымындағы қиындық кадастырлық базаны бірыңғай жүйеге көшіру кезінде туындаған. Бағыстың деректерін іргедегі Сырлысай ауылының мәліметтері жауып қалған, - дейді олар.

Нұрполат Тәліпов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:

Сырлысай елдімекеніне ЗХУ жасатып, өзінің орнына орналастыру жөнінде хабарлама бердік. Сол жұмыстар жүріп жатыр. Енді олар бірлескен қаулы шығару керек әкімдік пен мәслихат арасында. Сол қаулыны бекітіп, елдімекен шегін анықтап, облыс кадастрына құжттар жолдайды.
Ауылда қазір 250-ден астам шаңырақ бар. Тұрғындар саны 2 мыңға жуықтады. Өз жері мен мүлкіне иелік ете алмаған бағыстықтардың дерегі әзірге қияндағы әр ауылдың есебінен шығуда. Жауаптылардың айтуынша, электронды базаны қалпына келтіру ісі әлі бірнеше айға созылмақ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысында шекаралық аумақтардың өзгеруіне байланысты нақтылау жұмысы жүргізілген. Қазығұрт ауданына қарасты Сырлысай мен Сарыағаштағы Бағыс ауылдары деректерінің дұрыс еместігі сол кезде анықталған. Қазір, база қалпына келтіріліп жатыр.

Мариям Мұқашева, ҚР АШМ ЖРБК Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы:

Түркістан облысындағы шекаралық өзгерістер тек қаулы жүзінде ғана қалып, аумақтардың шегін белгілеу ісі жүргізілмеген. Бүгінгі таңда нақтылау материалдары Қазығұрт ауданы жер қатынастары бөліміне ұсынылды. Енді соған сәйкес кадастырлық картаға өзгеріс енгізіледі. Жер телімдеріне қатысты деректер сонда көрініс табады.



Бөлісу