Түркістанда туристік маусым ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда туристік маусым ашылды

19.03.2024

Түркістанда туристік маусым ашылды. Мерекелік шараға көрші елдерден меймандар мен өнерпаздар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, өңірдің туризм бағытымен танысты. Көпшілікке өңірдің туристік әлеуеті насихатталып, қол күресі, гір тасын көтеру, «Bauyrsak Fest», «Қымыз ішу» сияқты ұлттық ойын-сауық сайыстары өткізілді. Облыстың өнер ұжымдары мен фольклорлық ансамбльдері, би топтары, ерекше шоулар, театрландырылған қойылымдар қойылды.

Алып батырлар көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қолөнершілер жәрмеңкесіне қазақы нақыштағы бұйымдар қойылды. Жиын соңында өзбек және қырғыз елінен арнайы шақыртылған көлік жүргізушілері автошеруге қатысты. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан қалаларды басып өтетін жүргізушілердің ішінде Қазақстан азаматтары да бар.

Әбдуәли Әбдіғали, Халықаралық «Drive Forum» жобасының жетекшісі:

Біздің маршрутымыз 8 мемлекеттен өтеді. Қазақстаннан басталады. Өзбекстан және Қырғызстанның Ыстықкөлге дейін барамыз. 8 күн жүреміз. Басқа туризммен келіп отырған адамдарға соларға жаңа маршрутты көрсетіп береміз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу