Мемлекет басшысы кешегі құрылтайда Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бай тарихымыздың символы саналатынын , оның ұлт руханиятындағы орны ерекше екенін баса айтты. Тұтас түркі әлемінің мақтанышы мен құндылығына айналған тарихи ескерткіш ЮНЕСКО қорғауында.
Бүгінде тарихи нысан қайта жаңғыртылып, былтырдан бері ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нысанға сыртқы орта мен климаттық факторлардың әсерін өлшейтін құрылғылар орнатылған. Бұл жұмыстар жыл сайын 1 млн-нан астам адам келіп, зиярат ететін ғимараттың соқалпында сақталуын қамтамасыз етеді. Кесененің ылғалдануы, тұздануы , жерасты суларының экологиялық әсері сияқты барлық жағдайға мән беріліп отыр.
Мәулен Садықбеков, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры:
Ресейдің, Өзбекстанның, Иранның мамандары келіп, жалпы өзіміздің отандық мамандар бас көз болып, қазір жұмыс біршама деңгейге дейін жетті. Қазіргі таңда экспозицияға қойылған заттарымыздың барлығын қарап, рекспозициясын жасап, түрлі түрлі осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр.
Айнұр Ақбаева
