Елімізде мыңдаған тонна пияз шіріп кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мыңдаған тонна пияз шіріп кетуі мүмкін

19.03.2024

Елімізде мыңдаған тонна пияз шіріп кетуі мүмкін. Өйткені былтырлары қат өнім болған пиязға биыл сұраныс күрт азайған. Сондықтан шаруалардың 160 мың тоннаға жуық өнімі қоймаларда сатылмай тұр. Оның 138 мыңы Жамбыл облысының шаруалырына, қалғаны Алматы мен түркістандық кәсіпкерлерге тиесілі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл ел бойынша бір миллион тоннадан астам пияз өндірілген.

Ал ішкі нарыққа 300 мың тонна жеткілікті. Сондықтан өндірілген өнімнің үлесі сұраныстан үш есе көп. Десе де, ведомства өкілдері шаруалар шығынға батпас үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады. Қазір пиязды тұрақтандыру қорларына сату мәселесі пысықталып, жаңа ішкі және сыртқы нарықтар іздестіріліп жатыр.

Сыртқы істер министрлігімен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде. Ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесіп, елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу