Алматы облысында ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Ерекше балаларға – ерекше күтім. Еліміздің бірқатар кәсіпкері арнайы оңалту орталығын ашты. Алматы маңындағы Қызылқайрат ауылындағы бұл орталық бір мезетте 200 баланы қабылдап, оңалту және бейімдеу мүмкіндігін береді. Мұнда еліміздің кез-келген өңірінен барған балаға тегін қызмет көрсетіледі.
Орталық бірнеше айда 900 балаға көмек көрсетіп үлгерген. Қазір 3,5 мың бала жазылған. Басында шағын орталық болып ашылған нысанды іскерлер екі жыл ішінде үлкен емдеу-сауықтыру және оңалту орталығына айналдырды. Ондағы қажетті құрылғылар үшін 1,5 млрд теңге жұмсалып, шетелден заманауи қондырғылар жеткізілген. Жобаға «Қазақстан халқы» қоры да демеушілік жасаған.
Жадыра Оразова, ата-ана:
Осы орталықтың ашылғаны жақсы болды бізде. Мен қанша жерде де ақылы түрде ем алып көргенмін. Қаншама порталмен, квотамен жіберетін 24 күндік емдерге де барғанмын. Тап осындай орталық еш жерде ашылған жоқ.
Балжігіт Торыбаев, ата-ана:
Мен үш ерекше баланың әкесімін. Осы жерге балаларымды жаттығу жасау үшін алып келемін. Менің балаларымның диагнозы арқа-тірек бұлшық ет атрофиясы. Бұған дейін біздің Қазақстанда мұндай орталық болмаған. Біз тек қана Түркия еліне, Словакия еліне ғана барып біз арнайы физиотерапия алғанбыз.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15