Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталды
Премьер-Министр Олжас Бектенов «Shell PLC» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті. Тараптар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылуын талқылады. Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша жылына 11 млн тонна мұнай өндіру - басты міндет. Шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақтылы іске қосу да маңызды мәселе. Кездесуде Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына да ерекше назар аударылды. Былтыр аталған кен орнында мұнай өндіру 18 млн тоннадан асқан. Тараптар кен орнын толық игеру үшін Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесін пысықтады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Жергілікті қамту мәселесі бұл жобалардағы басымдықтың бірі. Жоба операторларының жұмысындағы тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де төмен. Бұл өнімді шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынасты қажет етеді. Бұл ретте, елімізге керекті тауарлар немесе жабдықтар өндірілмейтін болса, алдағы 2-3 жылда осы өндіріс орындарын Қазақстанда ашу жөніндегі нақты жоспарларды көргіміз келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05