Стамбұлда жергілікті қазақтарға Бағжылар ауданының әкімі ауызашар берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда жергілікті қазақтарға Бағжылар ауданының әкімі ауызашар берді

18.03.2024

Ыстамбұл қаласында тұратын жергілікті қазақтарға Бағжылар ауданының әкімі ауызашар берді. Оған мыңға жуық адам қатысты. Бағжылар ауданының әкімі құттықтау сөзінде түбі бір екі халықтың ауызбіршілігінің маңызы зор екеніне, осындай басқосулар ынтымағымызды одан әрі нығайтатынына тоқталды.

Ал жергілікті қазақтар қиын күндерде көмек берген түрік халқына да алғыс білдірді.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу