Стамбұлдағы Қазақстан орталығында наурыз тойланады
Стамбұлдағы Қазақстан сауда және мәдениет орталығында Түркияда оқитын студенттер үшін Наурыз мерекесі өткізіледі. Қазір соған қызу дайындық жатыр. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев пен Ыстанбұлдағы Бас консул Нұриддин Аманқұл осы орталықтың жұмысымен танысу үшін оған арнайы барды.
Дипломаттар орталықтың ішіндегі кітапхана мен көрме залын аралап, ондағы «Бірлік» қазақ жастары ұйымының жұмысымен танысты. Бұл орталық бүгінде Түркиядағы қазақтардың түрлі іс-шараларда бас қосатын орнына айналған.
Ержан Уәйіс, Қазақстан сауда және мәдениет орталығы басшысының орынбасары:
Алаш арыстары аталған Ахмет Байтұрсыновтың, Темірбек Жүргеновтің, профессор Әбдіуақап Қара жазған Мұстафа Шоқай кітаптарының түрікше аудармасының тұсаукесері осы орталықта өтті. Сондай-ақ өткен жылғы үлкен жұмыстарымыздың бірі «Атадан қаған асыл мұра» атты көрме ұйымдастырдық. Онда 150-170 жылдық тарихы бар көне бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл үшін халықаралық ұйым Түрксойдың үлкен бағасын алдық.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14