Үкімет Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

18.03.2024

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті. Премьер-Министр құрылтайда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Президент 55 жылу орталығын жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту керектігін айтқан. Оған 650 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Баспанамен қамту ісіне де қомақты қаржы бөлінеді. Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар "Отбасы банкімен" бірлесіп, 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады.

Ал Президент айтқан 12 мың шақырым автомобиль жолдарын реттеу үшін Үкімет ағымдағы жұмыстардан бөлек, қосымша 2,5 мың шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа 1 трлн теңге инвестиция бағытталады.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

Нәтижесінде республикалық жолдар желісінің жай-күйінің сапасы 93 процентке дейін жақсартылады. Транзиттік дәліздерді дамыту әрі көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жаңа теміржолдар мен логистикалық орталықтар мен қоймалардың құрылысы жалғастырылады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу