Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті
Қазақтың қамшысы жаңғырды. Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті. Оның ішінде балаларға арналған «Білге» қамшысы бар. Қамшыда қазақтың ән күйлері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері топтастырылған. Бала қамшымен ойнап әрі түркі жұртына ортақ құралдың тарихын біліп өседі, - дейді ұйымдастырушылар.
Smart қамшыларға елімізге белгілі өнер адамдарының әндері де енгізілген. Шара аясында Болат Бопайұлының «Адамзат рухы-қамшы» атты кітабы көпшілікке таныстырылды. Туындыда жетпістен аса қамшының атауы мен қолдану әдебі туралы мәліметтер берілген.
Болат Бопайұлы, Жазушы-Этнограф:
Артымыздан еріп, өсіп-өніп жатқан ұрпақтарымызға ұлттық рухын ояту, ұлттық идеология қалыптастыру, енді абстракт ұғымда қалыптаспайды ғой, нақты затты брендке айналдырып, қамшының қасиетін ұрпаққа таныту үшін осы кітап жасалды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01