«Қожайын» солар. Риелторлық қызметті реттеу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қожайын» солар. Риелторлық қызметті реттеу

17.03.2024

Әңгіме жылжымайтын мүлікті сатуға, сатып алуға және жалға алуға делдал болатындар туралы. Мақсат - тұтынушының құқығын таптауға мүмкіндік бермеу, жалпы бұл нарықты реттеу. Нақты қандай инструменттер қарастырылған? Бұл бір. Екіншіден, «риелтор, қауымдастыққа қарасты Жылжымайтын мүлік академиясында білім алуы шарт» дейді, Қазақстан риелторлар қауымдастығы. Заң қабылданса, риелтор болып істейтін адамның қолында академияның сертификаты болады, содан кейін оның Қазақстан риелторлар қауымдастығына мүше екенін растайтын куәлік беріледі. Ол базада тіркеулі тұрады,- деген шарт туралы айтады. Бұл қандай шарт? Адамның таңдау құқығы бұзылмай ма? Иә, риелторлар азаматтарды шімірікпестен алдайтыны, қызметін тым жоғары бағалайтыны, түрлі қитұрқылыққа барады, рас. Алайда «ноқталап» тастаудың да берері жоқ. Риелторлар қауымдастығы деген ұйымға сонша уәкілеттік беретіндей, мемлекеттік орган ба? 

Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Риэлторлық агенттік тарапынан ойбай бізге тиіспеңдер, бірақ нарықта жүрген қара риэлторлардың бәрін алып тастаңдар, - дейді. Бізді пайдаланып олар өздерінің бизнестерін әрі қарай монополизация жасауға бізді қолоданғысы келеді.    

Аржан Садуақас, заңгер, адвокат:

Риэлторлық компаниялардың осы талаптары сіз үйді басқа біреуге сата алмайсыз деген ол адамның мүліктік құқықтарын бұзу. Өзіміз білеміз кімге сатамыз оны тек қана сотпен ғана шектеуге болады. Шартпен оны ешкім шектей алмайды.

Ресми ақпарат бойынша қазір елімізде 2000-нан астам риэлторлық компания, 25000- нан астам риэлтор бар. Бұл ішкі нарықта заң шеңберінде жұмыс істеп жүргендердің саны. Бұдан бөлек, тағы қанша риэлтор мен жылжымайтын мүлік агенттігі бар екенін ешкім білмейді. Тапқан табысын жасырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден қашып жүргендер де жетерлік.

Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы:

Шығынын көбейтіп көрсететіндер бар, болмаса кірісін азайтып көрсететіндер бар соларға камералдық бақылау жүргізіледі. Ол жалпылама жүргізіледі. Тек қана риэлторлық қызметпен айналысатын кәсіпкерлерді бөліп статистика жүргізілмейді.

Жәрдем Ақбисенов, Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:

Қазақстан біріккен риэлторлар қауымдастығы риэлторлардың бәрін қадағалай алмайды. Бүгінгі күні біздерде 50- ге жуық мүше компания бар және бүгінгі күні 45 кандидат компания тіркеліп тұр. 

Ішкі нарықта заңсыз жұмыс істеп жүрген риэлторлар қауымдастықтың талабын жүрдім- бардым тыңдайтын көрінеді. Оған арнайы заңның жоқтығы да себеп болып отыр. Салдарынан, салада алаяқтық белең алған.

Лаура Смағұлова, қала тұрғыны:

Өткен жылы қазан айында пәтер сатып алу үшін жарнамадағы номерге хабарластым. Телефонды үй иесі емес риэлтор алып тұр. Олар маған үйді көрсетті. Артынша телефоныма хабарлама жіберді. Құжатты ашып оқысам егер банк қарыз беруден бас тартқан жағдайда алғашқы төлем қайтарылмайды деп жазылыпты. Ол аздай пәтердің көлемін жарнамада көбейтіп көрсеткен. Мен ол үйді алудан бас тарттым. 2 аптадан кейін олар мені арбитраж сотқа берді. Мен ешқандай құжатқа қол қоймағанымды айтып дәдел келтірдім. Бірақ, сот менің сөзімді елемеді. Мойныма 500000 теңгеден астам қарыз іліп қойды.   

Астана тұрғыны Лаура Смағұлова уотсапқа жіберген келісімшартты ашпауым керек еді деп өкінеді. Себебі, риэлторлар оған сіз хабарламаны оқыдыңыз, бұл CMC түрінде қол қойғаныңызды білдіреді деп айтқан. Келісімшартта ондай тармақтың бар екенін алдын-ала ескертпепті. Айналып келгенде алда соғу. 

Ал, Павлодардан Астанаға қоныс аударған Гүлнар Қабышқызы үй аламын деп жүріп үйдей пәлеге жолыққанын айтады. Риэлторлар зейнеткердің банктік шоттарын бұғаттап, сырттай сотқа беріп тастаған. Былтыр сәуір айынан бері өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысып келеді. Бірақ, еш нәтиже жоқ.

Гүлнар Нұрғазина, зейнеткер:

 Договорда жазылған екен,  егер задаток берсең үйді риэлторлық компания толығымен өзінің міндетін орындады, - деп саналады деп. Келісім шартта сот менің қатысуымсыз мені соттай беруге болады деген жеріне қол қойыппын. Сонымен алданып, мінеки 7 ай болды 50 пайыз пенсиямды соларға беріп қатты қиналып кеттім.

Зейнеткер өзін алдаған риэлторлардың немересімен жасты балалар екенін айтады. Көңілі қалған қарт ана алдағы уақытта туып-өскен өңірі Павлодарға қайта көшіп кетуді жоспарлап отыр. Өйткені,  тағы алданып қалуданқорқады.

Сарапшылар жекеменшік соттың төрелік айтуы ақылға қонымсыз деп санайды. Сондықтан аталған сот түрін де заңмен реттеуді ұсынып отыр. Сондай-ақ, елдегі ең үлкен жылжымайтын мүлік сату платформасы krisha.kz- ті жұрт жақсы біледі. Онлайн сауда алаңы кез-келген адамға қолжетімді. Бірақ, сатушы мен сатып алушы арасында тікелей байланыс орнату қиын. Өйткені, «ол сайтты да риэлторлар жаулап алған»,- дейді мамандар.   

Ертең, яғни 18 наурыз күні мәжіліс қабырғасында риэлторларға қатысты заң жобасын талдау басталады. Ұсыныстар мен пікірлер тыңдалмақ. Егер, қандай да бір лобби болмаса араға айлар салып заң қабылдануы мүмкін. Сәйкесінше, бұл нарықта алаяқтық азаяр деген үміт бар. Әйтпесе риелторлар елді алдауға шеберлердің тізімінде тұр. Ал ондай тонағыштардың айылын жимауы, жақсылықпен аяқталмайды. 


  

Хабарламаларға жазылу