Ломбардтар есептік тіркеуден өтуі үшін құжат тапсыру мерзімі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ломбардтар есептік тіркеуден өтуі үшін құжат тапсыру мерзімі өзгерді

11.05.2020
Ломбардтар есептік тіркеуден өтуі үшін құжат тапсыру мерзімі өзгерді

Ломбардтардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжаттарды тапсырудың жаңа мерзімдері белгіленді

«Төтенше жағдайға және карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға байланысты агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжаттарды тапсыру мерзімдерін республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында 2020 жылғы 1 маусымға дейін және басқа елді мекендер үшін 2020 жылғы 15 маусымға дейін ауыстыру турал шешім қабылдады («Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55 қаулысы)», - делінген хабарламада. 

Осыған дейін есептік тіркеуден өту үшін құжаттарды тапсыру мерзімі ірі қалалар үшін 2020 жылғы 1 мамырға дейін және басқа өңірлер үшін 2020 жылғы 1 маусымға дейін деп белгіленген. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет жне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарға қарыздар беретін барлық кредиттеу субъектілерінің қызметін реттеу енгізілді. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін барлық көрсетілген субъектілер, оның ішінде ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттеу компаниялары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде агенттікте есептік тіркеуден өтуге тиіс. 

Жұмыс істеп тұрған ломбардтардың жарғылық және меншікті капиталына қойылатын талаптарды арттырудың жаңа кестесі агенттік басқармасының қаулысымен ломбардтар үшін жарғылық және меншікті капиталдарға қойылатын жаңа талаптарды белгілеу мерзімдері ауыстырылды. Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын ломбардтар үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңгені, өзге өңірлерде 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды. 

Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын ломбардтар үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 70 000 000 (жетпіс миллион) теңгені, өзге өңірлерде 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды. 

Қаулының толық мәтіні және Қаулыға Қосымша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми сайтында, «Агенттіктің НҚА» деген бөлімде орналастырылды.

Хабарламаларға жазылу