Өнерпаз болсаң, арқалан! Талапкер ауылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнерпаз болсаң, арқалан! Талапкер ауылы

17.03.2024

Елдос Есенбол, тілші:

Астана іргесіндегі Талапкер ауылы. Тасада жүрген таланттарды іздеп осында арнайы келдік. Айдынгүл қазір үй жанынын шағын дүкен ашып кәсібін дөңгелетіп отыр. Тіршілік қамымен жүріп әнші болсам деген арманын кейінге ысырып қойған.

Айдынгүл Жәлел, Талапкер ауылының тұрғыны:

Әнді жақсы көрем. Әнді айтқым келеді. Бірақ мені қолдайтын ешкім жоқ пока. Мәдениет үйінен де орын болмай жатыр. + 3235203/ 00:21 Ең алғаш сол бірінші рет ар жақтан өтіп келген кезде Өскеменге Самар деген ауылына келген кезде сол жердегі мәдениет үйдегі жұмыс істеп жүрген кісілер олар менің бірден даусымды көріп бірден: «Болды, жұмысқа аламыз» деп сол кезде жұмысқа алды.

Гүлжан Кемелова, Талапкер ауылының тұрғыны:

Әншілік енді анамыздан дарыған. Бәріміз отбасымызбен өлең айтамыз. Ол қаныма сіңген нәрсе. Сондықтан ән айтамын. Бос уақытымда екі күн демалысымда қыз ұзатамын. Той жүргіземін сондай өнерім бар.  Бәріне үлгеремін, шүкір. Ән айтып та, тойға шығып та, өзіме аспаздық жұмысым ұнайды.

Дәмге де, әнге де үлгеретін Гүлжан Кемелова: «Мүмкіндік туса үлкен сахнаға шығудан бас тартпас едім» дейді.

Елдос Есенбол, тілші:

Наурызда ауылға арнайы келіп тұрып наурыз көженің дәмін татпай қалай кетеміз? Оның үстіне осы үйде үнемі дастарханы жаюлы қолөнерші әжеміз тұрады екен. Сол кісіге сәлем беріп шығайық.

Түймеқыз Рысбаева,Талапкер ауылының тұрғыны:

Наурыз көжеге ең алдымен қыстан қалған ет болуы керек. Қазіргі сатып алған еттен жасауға жарамайды.  Жеті тағам қосады, айран қосады. Бұның ең дәмдісі құрт. Ащы құрт. Ол ащы құртты күздігіні жасайды. Жазда жасаса қатып қалады. Сонда жеті тағам болады ғой. Әрі суы бар, әрі еті бар, тұзы бар, құрты бар, айраны бар. Жетіншісі қазір перловка қосады. Пышақпен, мынадай темір ожаумен былғауға болмайды. Өйткені оның дәмі шығады.

Наурыздың дәмі наурыз көжеден ауыз тидік. Айтпақшы, бұл әжейдің қолынан шыққан бұйымдардың бір бөлшегі ғана.

Түймеқыз Рысбаева, Талапкер ауылының тұрғыны:

Бұны ілгіш дейді ғой. Мұндай әкеміз біз 6 қыз тұрмысқа шыққанда алтаумызға да осындай істеп берді. Мұнымен нәски тоқимыз, жүнді жүйкелеп отырып. Бұрынғының адамдары неге тоңған жоқ? Неге ауырған жоқ? Оның барлығы осы жүннің арқасында.

Біз тек бір ауылдың таланттарын көрсеттік. Өнерлі адамдар еліміздегі әр ауылда бар. Олар да өздерінің дүйім қауым алдына шығар сәтін күтіп жүрген шығар. Тек зор талантты, қор талант қылмай уағында қолдайтын кеңжүрек азаматтар кездесе кетсе дейсің. Ауыл өнерпаздарының басын қосатын байқау ұйымдастырса, тіпті керемет! 

Хабарламаларға жазылу