Алматы әуежайында рейстер уақытынан кешігіп жатыр
Алматы әуежайында рейстер уақытынан кешігіп жатыр. Соның кесірінен жүздеген жолаушы діттеген жеріне жете алмаған. Қазір ұшатын 4 рейс және қонатын 16 ұшақ кешігуде. Бұған дейін әуе айлағының баспасөз қызметі 16 наурызда бәрі қалпына келетінін хабарлаған болатын. Азаматтық қорғаныс комитеті де бүгін таңда еш кедергі болмайды деген еді. Бірақ жағдай әлі реттелмеген. 14 наурызда Алматыда қар жауып, қала көшелері мен әуежайда қозғалыс қиындады. Соның салдарынан 50 рейс уақытынан қалып, 7-еуі ұшпай қалған. Кей жолаушылар 4 сағаттай ұшақ ішінде отыруға мәжбүр болды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтайдың Ресей жағында қазақ мәдениеті дәріптелді
13.10.2026, 17:30
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
«Таза Қазақстан» road-эстафетасы басталды
13.10.2026, 17:27
Жетісу облысының жастары бүгін 35 түп ағаш екті
13.10.2026, 17:25
«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
13.10.2026, 17:24
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18