Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылуы мүмкін

15.03.2024

Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейту керек. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы үкіметке осыны тапсырды. Мәселен биыл 1-ші наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болған. Бағдарлама жұмыс істейтін жастарға, жас отбасыларға және Отбасы банк салымшыларына арналған. Бұған қоса президент ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек екенін айтты. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 проценттен аспауы тиіс.

Саламат Идрисов, Атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

Мен ойлаймын, бұл бірінші ауыл аудандардың дамуына үлкен әсер етеді. Және ауылдарда жастардың тұрақтауына, осы арқылы олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне үлкен көмек болады деп есептеймін.

Президенттің бұл бастамасына өңір жұрты қуанып жатыр. Өйткені халық өзге бағдарламалар халықтың қалтасына салмақ салатынын айтады.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу