Елімізде кедендік түсімдер мен салықтардың көлемі артқан
Ал елімізде бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 4 трлн теңгеден асты. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті, былтырғы көрсеткіштерді жариялап, кедендік әкімшілендіру шараларының қалай іске асып жатқанын баяндады. Мәліміттерге сай, былтыр 4 триллион 80 миллиард теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар түсті. 2021 жылмен салыстырғанда, түсімдер 78, ал 2022 жылмен салыстырғанда 18 процентке артқан. Ал кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен, бюджетке қосымша 150 млрд теңге өндірілді. Сыртқы сауда-саттық көлемі де артып келеді.
Елдос Саудабаев, ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау департаментінің директоры:
Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 67,6 млрд АҚШ доллары, ал импорт – 43,7 млрд АҚШ долларына тең.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03