Түркияда мысықты ұрып өлтірген адам екі жыл, алты айға сотталды. Ол өзі тұратын үйдің лифтісінде бір мысықты тепкілеп, қашып шыққан жазықсыз хайуанды үйдің кіреберісінде қуалап жүріп өлтірген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Видеоны көрген сол үйдің тұрғындары оны сотқа берген. Алғашында күдіктіге үш ай шартты жаза берілген болатын. Алайда халық бұл әділ шешім емес, деп шеру өткізді. Ақырында іске елдің Әділет министрі араласып, жануарға зәбір көрсеткен адамға екі жыл, алты ай жаза кесілді. Бұл дәл осындай қылмыс жасаған адамға берілген Түркия тарихындағы ең ауыр жаза.
Йылмаз Тунч, Түркияның әділет министрі:
Стамбұл қалалық сотының алғашқы шешіміне мен де наразылық білдірдім. Бұл берілген жаза жан-жануарлардың да өмірін қорғау біз үшін өте маңызды екендігін көрсетті. Олар да тірі жан. Бұдан былай да жануарларға зәбір көрсеткендерге қатысты қатаң жаза қолдануды жалғастырамыз.
Айдос Әшім