Білімді жастар - еліміздің болашағы
Атыраудағы Ұлттық құрылтайдың секциясында айтылған білім беру саласына қатысты жаңашылдықтарды естіп қуанған Бешеретхан Малабақан, шетелде білім алған жастардың ел ертеңі үшін қызмет етуі өте маңызды деп есептейді.
«Түркиядағы халықаралық «Қазақ білім беру еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі, шетелде білім алып жүрген жастармен кездескенде олардың басым бөлігі ғылым саласына көбірек көңіл бөлінгенін қалайтындықтарын жеткізді»,- дейді қоғам белсендісі.
Бешеретхан Малабақан, халықаралық «қазақ білім беру еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі:
Біз шетелде тұрсақ та жүрегіміз Қазақстанда. Әрдайым ол жақтағы жағымды жаңалықтарға қуанып отырамыз. Президент бастамасымен өткен Ұлттық құрылтайда жастарға, әсіресе білімді жастарға көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Мен Германияда, Түркияда оқып жүрген қазақ жастарымен жиі кездесем. Сол кезде олар шетелде оқып келген жастарға Қазақстанда көбірек көңіл бөлініп, еңбектері бағаланғанын қалайтындықтарын айтады. Осындай күрделі мәселелердің Ұлттық құрылтайда көтерілуі жастарға серпін берері сөзсіз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04