Бүгін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді
Бүгін Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Жиында қоғамдық консолидация және жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту жайына басымдық берілмек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Ұлттық Құрылтайдың Атырауда өткізілуі тегін емес. Өйткені ұлт ұясы Ұлытаудан басталып, екі дүниенің есігі болған Түркістан жерінде жалғасқан алқалы жиын биыл, міне, Атырау жерінде өткелі жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Құрылтай мүшелерінің қатысуымен 4 түрлі секцияның отырысы ұйымдастырылған еді. «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» тақырыбында болды. Онда көне сарайшықты жаңғырту, лудомания, білім мен ғылым саласындағы кемшіліктер секілді қоғамдағы өзекті мәселелер айтылды. Ал бүгін құрылтайда қоғамдық консолидация және жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту жайына басымдық берілмек. Құрылтай отырысындағы мәлімдемелер кейін арнайы іс-қимыл жоспарына енетін болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05