Түркияда әскери ұшақ құлады
Түркияда әскери ұшақ құлап, бір адам қайтыс болды. Тағы бір адам жараланған. Кония қаласы маңындағы әскери полигондардың бірінде оқу-жаттығу ұшуы кезінде Түркия қарулы күштеріне тиесілі NF-5 ұшағы әскери базаның ауласына құлап, арты өртке ұласты. Құлап бара жатқан ұшақтан пилот дер кезінде катапульта жасап үлгерген. Ал басқарусыз ұшақ әскери қалашықтың ауласында жұмыс істеп жүрген арнайы техниканың үстіне құлаған. Техниканы басқарып отырған бір әскер оқиға орнында қайтыс болды. Сол маңда жұмыс істеп жүрген бір әскери адам жараланған. Қазір ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
17.03.2026, 20:58
Президенттен сыйақы алған оқушы үздік университетке түсті
17.03.2026, 20:55
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы елге оралды
17.03.2026, 20:53
Көкпардан Әлем чемпионаты басталды
17.03.2026, 20:52
Ақтөбеде «Шаңырақ» күнінде босанған аналарға бесік сыйлады
17.03.2026, 20:38
21 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтырмақ
17.03.2026, 20:13
Теңге нығая түсті
17.03.2026, 20:13
Су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
17.03.2026, 20:12