В5+1 форумы: Орталық Азия – экономикалық мүмкіндіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В5+1 форумы: Орталық Азия – экономикалық мүмкіндіктер

15.03.2024

Алматыда тұңғыш рет «B5+1» халықаралық форумы өтіп жатыр. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бастамшыл болған жиынға 240-тан аса делегат қатысуда. Шара мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалог процесін дамыту арқылы өңірлік ынтымақтастықты жеделдету мақсатында ұйымдастырылған. Басқосуда сауда-саттық айналамын ұлғайту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, бизнес пен адам капиталын дамыту мәселелері де талқыланды. Сарапшылар экономиканы шикізатқа негіздемей, табиғи ресурстарды дұрыс қолдануға шақырды. Көлік-логистика саласын дамыту экономикалық интеграцияның кепілі. Алайда «шекарадан жүкті өткізуде кедендік кедергілер кездеседі. Құжат рәсімдеу, рұқсат беру ісіндегі олқылықтар тауар тасымалын қиындатады»,- дейді мамандар.

Әсел Садықова, Қазақстан автокөлікпен жүк тасымалдаушылар және экспедиторлар одағының төрағасы:

Мәселен Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 300 жүк көлігі қаңтарылып тұрды. Қазір 60 көлік бар. Біздің саладағы басты мәселе - жүкті шекарадан өткізуге берілетін рұқсат құжатының уақытылы рәсімделмеуі. Тауар тасымалдаушы шетелге жүк апару үшін Көлік комитетінің рұқсат бланкісін алуы тиіс. Міне, сол құжат қазір берілмей отыр. Бұл орынсыз шығынға батырады. Форумға осы мәселені көтеру үшін келдік.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу