Абай облысында Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше тойланады

14.03.2024

Абай облысында Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше тойланады. Наурызнаманың онкүндігі өңірде «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында диалог алаңынан басталды. Облыстағы этно бірлестіктермен өңір басшысы-Нұрлан Ұранхаев кездесіп, ұлттық салт дәстүрді дамыту және Ұлыстың ұлы күнін жаңаша тойлап, мәнін арттыру жайын талқылады.

Абай облысында бүгінде 51 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Өңірде өтетін түрлі тәрбиелік, мәдени шаралар осы ұйымдардың бастамасымен өтеді. Сондықтан облыс әкімі өскелең ұрпаққа үлгі болып, салт-дәстүрді жаңғыртып жүрген жандармен арнайы кездесті.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі

Өздеріңіз білетіндей еліміз Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Бірақ бұл-бұған дейін қалыптасқан дәстүрді түбегейлі өзгеру деген сөз емес. Мұндағы мақсат- мерекенің мазмұнын байытып, ұмыт болған мұрамызды төрге шығару.

14-23 наурыз аралығында Наурызнаманың дәстүрлі онкүндігі Абай елінде ерекше тойланбақ. Әр күннің символдық және идеологиялық бағыттарға терең бойлайтын өзіндік мәні болуы тиіс дейді ұйымдастырушылар. Мәселен «Аялы әже» форумы, қайырымдылық пен жомарттық тақырыбында марафондар мен челленджер жоспарланған.

СНХ: Орал Шәріпбаев халықаралық «қазақ тілі» қоғамының вице-президенті

Мұндай Наурыз бір ғана қазақ елінің ғана емес, Қазақстанда мекендеген 130 ұлт өкілдерінің ортақ мейрамына айналды. Достық мейрамына, келісім мейрамына айналды. Кеше ғана айттым Әзірбайжанның президенті мен Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы ынтымақтастық жөніндегі , бір елмен-бір ел құшақтасып Наурызбен құттықтап жатқандығы бүгінгі ұрпаққа ұлгі.

Наурызнаманы Семей жұрты «Ұлттық киімге құрмет» челлендждері, Семей қаласындағы сауда үйлерінде «Saukele fashion», «ЭТНО-FASHION» ұлттық киімдердің сән көрсетілімдері, «АТА ЖОЛЫ – АҚ БАТА» сынды мағыналы шаралармен жалғастырмақ. 


Е.Жақып

Хабарламаларға жазылу