Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы қарсаңында жұмыс секцияларының жиыны жалғасып жатыр. Дәл қазір құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» Білім және ғылым» тақырыптарын талқылауда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жиналғандар қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерді қаузауда. Құрылтай мүшелері әлеуметтің әл ауқатын арттыру, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай ақ, бұған қарсы тұру үшін азаматтық қоғам мен барлық мемлекеттік органдардың күш жігерін жұмылдыру жайын айтты. Сондай ақ аймақтарды дамыту, өңірлерді тиімді басқару мәселесі де қозғалды. Қазір менің жанымда Мәжіліс депутаты, ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин тұр. Еділ Терекбайұлы, бүгінгі айтылған мәселелер, сөз күйінде қалмай, іске асуы үшін, бұл мәселеге қоғамның назарын аудару үшін әуелі не істеу керек деп есептейсіз?
Еділ Жаңбыршин , Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді билік өкілдеріне жеткізетін жиын. Бұл туралы секцияда айтылды. Біз айтқан мәселелерді қағазға түсіріп, хаттама толтырып, жоспарлы түрлі жүзеге асады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Дәл қазір екінші секцияда құрылтай мүшелері Білім және ғылым саласына қатысты мәселелерді талқылауда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт