Құрылыс кодексін әзірлеу кезінде мемлекет қаржысы жосықсыз жұмсалған
Құрылыс кодексін әзірлеу барысында мемлекет қаржысы жосықсыз жұмсалған. Ал құжат өте сапасыз болып шықты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев Премьер-министрге осылай деп депутаттық сауал жолдады.
Құрылыс министрлігі кодекстің жобасын әзірлеу үшін 382 миллион теңге бөлген. Ал тапсырысты өздеріне бағынышты мекемеге береді. Олардың дайындап шыққан кодексі сапасыз екенін Президент те, мамандар да айтып отыр. Депутаттың айтуынша мұндай кодекс әзірлеу үшін қаржы мүлде бөлінбеу керек.
Елнұр Бейсембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жаңа Құрылыс кодексі қазір жұмыс істеп тұрған 3 заңның мәтінінен құрастырылған. Оны антиплагиат бағдарламасы арқылы анықтадық. Жаңадан қосылған мәтіннің үлесі 1 пайыз да болмайды. Министрлік 240 беттік кітап көшіргені үшін министрлік 382 млн теңге төлеп отыр. Әр парағы 1,6 млн теңге. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе Үкімет ішкі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп, заң бұзушылық анықталса ақшаны мемлекет қазынасына қайтаруы керек деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті
24.04.2026, 17:40
«Тараз - қолөнершілер қаласы»: ІV халықаралық фестиваль басталды
24.04.2026, 17:37
Жалағаш халқы жаппай көшет екті
24.04.2026, 17:35
Астанада 200 студент экоакцияға қатысты
24.04.2026, 17:33
Ақтөбе облысында киіктерді санап шықты
24.04.2026, 17:30
Қызылордада жас сайлаушылар клубы форум өткізуде
24.04.2026, 17:27
Теміртауда 170 шақырым жылу желісі жаңартылды
24.04.2026, 17:25
Алматыда көлік салығын төлемегендердің қарызы ₸7 миллиардтан асқан
24.04.2026, 17:22