Қызылордада Әйтеке бидің 380 жылдығына орай өнер бәйгесі бастау алды
Қызылордада Әйтеке бидің 380 жылдығына орай республикалық өнер бәйгесі бастау алды. «Әділ сөздің алдаспаны» атты командалық айтыстың алғашқы кезеңінде Сыр өңірі мен Шымкент қаласының өнерпаздары сайысқа түсті.
Ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған өнер додасында ақындар сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысын көрсетіп, көрерменге ерекше рухани кеш сыйлады. Сондай-ақ, жыршы, термешілер де сайыстың көркін қыздырса, күміс көмей әншілер дәстүрлі әндерді шырқап құлақтың құрышын қандырды. Қазылар алқасының шешімімен өнер бәйгесінде қызылордалық өнерпаздар екінші кезеңге жолдама жеңіп алды.
Қойлыбай Асанов, айтыстанушы, филология ғылымдарының докторы:
Бұл командалық айтыс жалпы үлкен мегажоба. Жаңадан ойлап табылған жоқ. Бұл өткен ғасырдың 1986-1987 жылдары қалыптасқан. Осындай өнерді қайтадан айтыс өнерін жандандыру. Әр өлкенің рухани мұрасын осылай жаңғыртып, көрсету.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22