Жамбылда жарты млрд теңге жұмсалған ауыз су жүйесі аяқсыз қалды. Салдарынан Байзақ ауданындағы екі ауылдың халқы ішер суға жарымай отыр.
Құсақ және Аққия ауылында 2 жыл бұрын басталған құрылыс былтыр күзде бітуі тиіс еді. Бірақ, бұқара атқамінерлер мерзімінде су бермеді деп наразы. Айтуларынша, әкімдік су кірді деп сүйіншілеп, құжат жүзінде ғана істі тындырған. Ал жауапты мердігер құбыр шұңқырларын қазылған күйінде қалдырып кеткен. Судан тарыққан жұрт баспа құдықтың лай суын тұндырып ішуге мәжбүр.
Қанат Боранбаев, ауыл тұрғыны:
Өздеріңіз көріп тұрсыздар міне, ауы мен бауы жоқ, не тоғы жоқ, ештеңесі жоқ. Құжат бойынша Астанадан ауылдарыңызға су кіріп қойған деді. Былтыр да кіреді деді, бірақ әлі жоқ.
Қайрат Қарғашов, ауыл тұрғыны:
Ауыз суды күтіп жатқанымызға қанша жыл болды, былайша айтқанда 3 жыл болды. Әне-міне деп келе жатыр. «150 метрден қазып жатыр, таза су ішесіздер, бәрі жақсы болады» деген.
300 түтіні бар екі елдімекенге су тарту жұмысын Қызылордалық компания ұтып алған. Құсақ ауылына Республикалық бюджеттен 320 млн , Аққияға 214 млн теңге бөлінген. Атқамінер 2 жыл бойы бітпеген жұмыс алдағы екі аптада аяқталады деп сендірді.
Дулат Жақыпбеков, Байзақ аудан әкімінің орынбасары:
Қазір жұмыстың шамамен 80-85% бітіп тұр. Бірінші сәуірде жұмыс толық аяқталады деп күтілуде. Ал бірақ, бұлар жұмысты уақытылы істемегені үшін тиісінше құзырлы органдарға сотқа берілген. Тиісінше өсім пұлдары, айыппұлдары салынатын болады.
Данияр Әлімқұл