ХҚКО-ның 59 қызметкері ескі көліктерге заңсыз құжат жасады деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО-ның 59 қызметкері ескі көліктерге заңсыз құжат жасады деген күдікке ілінді

13.03.2024

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ескі көліктерді «жаңа» деп жалған құжатпен тіркеп келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Ведомство дерегінше, елге қауіпті автомашиналар, жүк көліктері мен автобустарды жалған құжатпен рәсімдегендерге қатысты 23 тергеу ісі басталған. Бұл іс бойынша бюджетке 14 млрд теңгеден астам залал келді дейді. Заңсыздыққа байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері күдікке ілініп, тергелуде. Мамандардың айтуынша, олар Egov порталы арқылы онлайн режимде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және көлік ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізген. «Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген машиналарға құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырған», -дейді.  

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу