Мемлекеттік органдар арасындағы дауды Үкімет шешетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдар арасындағы дауды Үкімет шешетін болады

13.03.2024

Мемлекеттік органдар арасында дау туындаса оны Үкімет шешетін болды. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Өзгертілген құжатты Әділет министрі Әділет Есқараев таныстырды. Мәжілістің жалпы отырысынан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы баяндайды. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Заң жобасында негізгі үш бағыты бар. Алғашқысы, жария – құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет аясына көшіру. Екіншісі, мемлекеттік органдар арасындағы дауларға қатысты. Мәселен, егер бір мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, онда ол жоғары тұрған мемлекеттік органға әкімшілік шағыммен жүгінуге құқылы. «Оның шешімімен де келіспеген жағдайда, ол Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы болады»,- деді Әділет министрі Азамат Есқараев. Үшіншісі, Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзету. Депутаттар заң жобасына қатысты 10-нан астам ұсыныс жасады.


Құжат бірінші оқылымда қабылданғанымен әлі де өзгертілетін болды. Сондай-ақ, депутаттар жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселесін талқылады. Енді жеке кәсіпкерлер өздеріне қажет 200 киловатқа дейінгі қуатты өздері өндіре алады. Заң жобасы осы кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге бағытталған. Тұрғын үйлер де күн панельдерін орнату арқылы энергия өндіре алады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. 

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу