Түркістан облысында бірнеше үйдің ауласы жаңбыр суына толды
Түркістан облысында кешегі жауын-шашынның көп болу салдарынан 4 аудандағы жеке тұрғын үйлерінің ауласы су астында қалды.
Сайрам, Мақтаарал, Жетісай мен Сарыағаш аудандарында төтенше жағдай және коммуналдық шаруашылық бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылып, аулаларды мотопомпалармен жаңбыр суынан тазартты. Орталық және шағын көшелерде де су толып, тұрғындардың жүруі қиындай түсті. Бұл аумақтарда да су сору жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы жүргізілген жұмыстардан кейін тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді. Қазір жаңбыр тоқтап, жағдай ретке келді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04