Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттаған

12.03.2024

Инфляция баяулады. Бүгін Үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы осылай есеп берді. Ақпанда оның жылдық көрсеткіші 9,3 пайызды құраған. Қаңтарда 9,5 пайыз болған еді. Дегенмен, үкімет басшысы бірқатар әлеуметтік маңызды тауарлардың қымбаттағанын айтты. Бектеновтің сөзінше, қазақстандықтар күнделікті тұтынатын күріш, жұмыртқа, макарон өнімдері мен сары май және сусындардың бағасы өскен. Инфляцияның ең жоғары деңгейі Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Премьер-министр, бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қарайтынын айтты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Серік Мақашұлы аталған мәселенің әлеуметтік маңызы зор. Сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаңыз. Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешімдер қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын. 

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ 4,2 %-ҒА ӨСТІ

Дегенмен, экономикада өсім бар. Ақпан айында ол 4,2 пайызды құраған. Қаңтардағы көрсеткіш 3,9 пайыз болған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. Оң динамика құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібінде байқалған. Инвестиция тарту бойынша, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары және Астана қаласы көш бастады. Ал мұнайлы Маңғыстау мен Атырау және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш керісінше төмендеген.


Хабарламаларға жазылу