Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына келді. Әуежайда оны Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Бұдан соң Президенттер Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты. Бұрын бұл елдімекен Арменияның қарамағында еді. Әзербайжан Қарабахты қайтарған соң, қала қайта қалпына келтіріліп жатыр. Мемлекеттер басшыларына Физулиді және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта түлету үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, шаһардың жаңа келбеті, келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді. Сондай-ақ президенттер осында Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатыспақ.
Досжан Маратұлы