Басты Жаңалықтар Мәскеу облысында қоймада ірі өрт болды

Мәскеу облысында қоймада ірі өрт болды

Мәскеу облысында құрылыс материалдары сақталған қоймада өрт болды. Тілсіз жау 1000 шаршы метрге жуық жерді шарпыған. Жанар-жағармай материалы бар контейнер ашылып, сұйықтық төгілді. Бірнеше сағаттан соң, биіктігі 5 метр болатын шатыр құлаған. Өртпен күреске 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қоймадағы 200-ге жуық жұмысшы құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.

Индира Бегайдар


Бөлісу