Ақмола облысында мұз қалашығы әлі алынбаған
Ақмола облысының Щучинск қаласында жаңа жыл мерекесі қарсаңында орнатылған мұз қалашығы көктем келсе де алынбаған. Жергілікті биліктің мәліметінше, мердігер мекеме жұмысты құжатта белгіленген жоспар бойынша орындамаған. Яғни, кейбір мұз мүсіндері мүлдем қойылмаса, қалғандары сапасыз жасалған.
Сондықтан әкімдік істелінген жұмысқа ақша төлеуден бас тартып, оларды сотқа берген. Қазіргі таңда тендерді ұтып алған компания өз ісіне салғырттық танытқан деп танылған.
Айта кетейік, өткен жылы бұл жұмыстарға 11 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген еді.
Алтынбек Омаров, Щучинск қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы:
Біз 29 желтоқсан күні оларды сотқа бердік. Өйткені олар келісімшартта белгіленген талаптарды дұрыс орындамаған.Кейін мұз қалашығын алып тастаңыздар деп хат та жаздық. Алайда, олар сот құрылыс сараптамасы болуы мүмкін деп бас тартты.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13