Түркістан облысында шенеуніктер ауыл тұрғындарын сырттай жұмыспен қамтып, қыруар қаржы жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шенеуніктер ауыл тұрғындарын сырттай жұмыспен қамтып, қыруар қаржы жымқырған

12.03.2024

Түркістан облысының прокурорлары Атамекен ауыл тұрғындарын сырттай жұмысқа орналастырып, оларға бөлінген қаржыны қалталарына басып келген шенеуніктердің қылмысын әшкереледі. Әкімдік пен аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері, жұмыссыз ретінде тіркелген 30-дан астам адамды жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға қағаз жүзінде жалған орналастырып отырған. Яғни, лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарып, ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» мен банктердегі шоттарына аударып келіпті.

Осылайша жұмыспен қамтуға бөлінген бюджеттің 24 млн теңгеден астам қаржысын қалтаға басқан. Қазір прокуратура қызметкерлері іс бойынша, материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу