Абай облысында Ұлттық спорт орталығы ашылды
Абай облысының Көкпекті ауданында Ұлттық спорт орталығы ашылды. Төл өнерді насихаттап қана қоймай, оны дамытуға арналған мектепте оннан астам үйірме жұмыс істейді. Жаттықтырушылар жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерінің қыр-сырын меңгеруге үйретеді. Садақ ату, бестас, шабандоз сынды өнерді меңгеруге қызығушылық танытқан ауыл балалары қазір орталыққа ағылып келіп жатыр. Қазір тек теориялық түрде оқып жатқан балаларды мамандар жаз шыға бәйге, көкпар мен аударыспаққа баулымақ.
Бауыржан Түсіпжанов, Ұлттық спорт орталығының директоры:
Садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ, теңге алудан үйірме бар. Қызығушылық өте көп болып жатыр. Балалардың саны көбейіп келе жатыр. Көкпекті ауданының көкпар командасын құрдық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03