Швеция НАТО-ға мүше болды
Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды. Елдің туы салтанатты түрде ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтеріне ілінді.
Салтанатты рәсімге НАТО-ның бас хатшысы, Швецияның патша-ханшайымы Виктория мен елдің Премьер-министрі Ульф Кристерссон қатысты. Ұйымның бас хатшысы Столтенберг «корольдіктің Солтүстік атлантикалық альянсқа қосылуы-НАТО-ны одан сайын нығайтады»-деп мәлімдеді. Еске салсақ, Скандинав елі әскери Одаққа кіруге 2022 жылдың мамырында өтініш білдірген. Алайда, Түркия мен Мажарстан хаттаманы кеш ратификациялап, мүшелікке биыл наурызда ғана қабылданып отыр.
Йенс Столтенберг, НАТО-ның бас хатшысы:
НАТО-ға мүше 32 мемлекет ортақ мүддені көздейді. Ол-соғыстың алдын алып, 1 млрд адамды қорғау, ішкі жалпы өнімнің 2 пайызын қорғаныс саласына жұмсау. Біз еркіндік пен демократия жолын таңдаймыз.
Ульф Кристерссон, Швецияның премьер-министрі:
200 жылдан астам уақыт әскери бейтараптық саясатын ұстанып келген біз үшін бұл тарихи сәт. Мүшелікке қабылдану Швецияның, көрші елдеріміздің қауіпсіздігі үшін жасалған нақты қадам.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09