2 млн Қазақстан азаматының жеке дерегі желіде тарап кетті
2 млн Қазақстан азаматының жеке дерегі желіде тарап кетті. Zaimer.kz микроқаржы ұйымы хакерлік шабуылға ұшыраған. Салдарынан, тұтынушылардың ақпараты телеграмдағы ашық топта жария болған. Онда адамдардың аты-жөні, телефон нөмірі мен электрондық поштасы, жеке куәлік деректері, тіпті жұмысы туралы ақпарат пен банк шоттары туралы мәліметтері бар. Цифрлық даму министрлігі/ осы жайтқа байланысты егов мобайл арқылы азаматтарға ескерту жіберген. Хабарландыру алған тұрғындарға ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға кеңес берілді.
Ырысты Жәлілханова, Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы:
Егер де сіз электронды үкімет порталынан дербес деректердің заңсыз таралып кетуі бойынша хабарлама алған болсаңыз, сізге цифрлық даму министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетіне өтінішпен жүгіну қажет. Мұндай хабарлама екі жағдайда келуі мүмкін. Біріншісі, егер сіз сол микроқаржы ұйымының тұтынушысы болсаңыз және сіздің дербес деректеріңіздің заңсыз таралған жағдайы. Бұл сәйкесінше, әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Екінші жағдай, ол компанияны мүлдем білмейтін, сондай-ақ өзіңіздің дербес деректеріңізді жинауға, өңдеуге келісіміңізді бермеген жағдайда келуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
24.04.2026, 15:28
Президент «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты
24.04.2026, 15:07
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
24.04.2026, 15:00
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты
24.04.2026, 14:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
24.04.2026, 14:52
Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді
24.04.2026, 13:17
Қосшыда «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті
24.04.2026, 13:15
Қазақстанда Ресейдің мәдениет күндері басталды
24.04.2026, 13:13