Алматыда тұрғын үйді сақтандыруға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрғын үйді сақтандыруға сұраныс артты

11.03.2024

Алматыда тұрғын үйді сақтандыруға сұраныс артты. Бұған соңғы болған жер сілкінісі себеп болды деп отыр мамандар. Әсіресе, өткен дүйсенбідегі 5 балдық жер дүмпуінен кейін жүздеген адам сақтандыру компаниясының қызметіне жүгініпті.

Жылжымайтын мүлікті сақтандырумен айналысатын бір ғана компанияға күніне 200-ден астам тұрғын хабарласқан. Барлығы-тұтынушының 7 пайыз төлемін жасап, келісімге отырыпты. 7 күннің ішінде 120 пәтер иесі полис сатып алған. Мамандар, бұл былтырдан 80 пайызға көп деп отыр. 

Айбота Болатқызы, сақтандыру компаниясының маманы:

Мүлікті сақтандырудың құны мүлікті сақтандырудың соммасын шамамен 0.1 пайызын құрайды. Мысалға қарастырсақ, пәтердің құны 20 млн тұратын жағдайда. Сақтандыру полисінің құны 20 мың теңгені құрайтын болады. Бұл пәтердің құны, нарықтағы құны, жағдайы, қандай материалдар салынғанына да байланысты. 

Ал жер үй тұрғындары баспанасын сақтандыруға асықпайды. Алдымен үйді тұрғызып, артынша құжатын рәсімдейтіндер төтенше жағдайға тап болса, комиссия алдында шығынын дәлелдеу қиынға соғады. Сондықтан, құрылыс сарапшылары қаланың бас жоспарына қайшы келмейтіндей талапқа сай баспана көтерген жөн, - дейді. Айта кетейік, елімізде тұрғын үйді сақтандыру міндеттелмейді.

Сағындық Ыбырайұлы, құрылыс сарапшысы:

Апат бірдеңе болған кезде басына түссе, сонда ондай үйлерге үкіметтің көмегі болмауы да мүмкін. Заңсыз салынған үйге тұрғын үй салатын жерге бас жоспар, нақты жоспарлар жоқ болса, кейін жобалар жасағанда қызыл сызыққа түсіп қалуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу