Ақтөбеде қазақы тазылардың көрмесі өтті. Таза қанды иттерді анықтау үшін Астана, Алматы қалаларынан сарапшылар шақырылған. Былтыр мемлекет басшысының өзі тазы мен төбетті қорғау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын.
Бұл шара сол тапсырманы орындау аясында ұйымдастырылып отыр. Мамандар әр саққұлақтың дене тұрқын, шашағын, сирақтарын, тіпті, тырнақтарына дейін өлшеп, баға береді. Ақтөбе - ел бойынша тазы саны көп аймақтың бірі. Тек бүгінгі көрменің өзіне 100-ге жуық ит асыраушы келген. Бүгін барлық талапқа сай келгендері арнайы құжатқа ие болды. Бұл құжат тазылардың Халықаралық кинология федерациясының тіркеу кітабына енеді. Сол арқылы шет елдерде өтетін иттер көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады.
Жасұлан Жақсылықов, облыстық «Құмай тазы» федерациясының вице-президенті:
Тазы жанашырлары бар, қалада тұрады. Бағу қиын қалалық жерде. Арнайы орын ашылса, ол жерде селекциялық жұмыстар жасалар еді. Содан кейін неше түрлі жұмыстар жасап, тазыны дамуына үлкен қолдау болатын еді.
Жақсыбек Кемал