Шымкенттік белсенді азаматтар Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалануды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік белсенді азаматтар Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалануды ұсынды

11.03.2024

Шымкент қаласының белсенді азаматтары дендросаябақ ішіндегі Елбасы резиденциясын өзге мақсатта пайдалану туралы бастама көтерді. Өйткені демалыс орны көптен бері бос тұр. «Оның үстіне нысанды күтіп ұстауға қазынаның қыруар қаржысы жұмсалуда»,-дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Осыны ескере келіп, олар резиденцияны сал ауруына ұшыраған балаларды оңалту орталығы ету керек деген ортақ шешімге келді. Қоғамдық кеңес алдағы уақытта осы ұсынысты негіздеп, тиісті орындарға жолдайтын болады.

Мырзахмет Сынабаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

Осы резденцияға бүгінгі таңда актуальность жоқ. Ол бұрын «Риксос» жоқ, басқа қонақүйлер жоқ кезде Елбасы, үлкен қонақтар келгенде демалатын жер деп салған. Қазір енді қалада небір демалатын жер бар ғой қалада. Мұны халыққа, жалпы қолданатын орынға айналдыру керек.

Денросаябақ ішіндегі резиденция Тәуелсіздік жылдары ішінде салынған нысан. Оны күтіп-ұстауға жыл сайын қанша қаржы жұмсалатынынан жергілікті атқарушы органдар бейхабар. Өйткені, аумақ толықтай қоршалып, күзет қойылған. Және ол қала меншігіне кірмейді.

Әбілқайыр Оңғар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Ол жерде 8 гектар аумақ, резденцияның аумағы болып бекітілген. Енді 1 гектар жерінде құрылыс болуы мүмкін. нақтысын білмеймін. Өйткені ол жер режимный объект.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу