Қостанай облысында 89 елдімекенді су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 89 елдімекенді су басу қаупі бар

11.03.2024

Қостанай облысында биыл 89 елдімекенге су тасқынынан қауіп төніп тұр. Әсіресе, Қарасу ауданында жағдай күрделі. Былтыр осы аудандағы Қармырза ауылында 36 үй мен 60 ауланы су басқан. Биыл жағдай тағы қайталануы мүмкін. Іргедегі Тінтуір өзенінің суын алқаптарға ағызып жіберу үшін үш арық қазылды. Алайда, ағынның екпіні күшті болса, одан пайда шамалы. Тасқыннан сақтанудың жалғыз жолы - ойдағы қырық үйді қырға көшіру. Бұған 4 млдр теңге қажет. Былтыр 3 үй салынды. Тағы бір бос тұрған ғимаратты жөндеп, 5 пәтерлі тұрғын үйге айналдыру жоспарда бар. Ауылдағы эвакуациялық пункт төтенше жағдай туындаса тұрғындарды қабылдауға дайын. Төсек орын, ас-су, гигиеналық заттармен қамтамасыз етілген.

Марина Ағайдарова, Қарамырза ауылдық округінің әкімі:

Өткен жылдардың есебімен алсақ, бұл жерге шамамен отыз шақты адам келеді. Қалғандары туыстарын паналайды. Орталық асханада олар тегін тамақтанады. Жергілікті серіктестікпен меморандум жасағанбыз. Су басқан үйлердің малын уақытша өз фермасында ұстап, жем-шөппен қамтамасыз етеді.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу