Батыс Қазақстан облысында 147 елдімекенді су басуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында 147 елдімекенді су басу қаупі бар. Сондықтан қарғын су шаюы мүмкін тасжолдардың 49 бөлігі бақылауға алынды. Су бұру арналары мен су өткізу құбырлары салынды. Тасқынның алдын алу үшін барлық аудан мен қала көшелерінен қар шығарылып, арықтар аршылып жатыр. Биыл Жайыққа жоғарыдан көп су келуі мүмкін деген болжам бар. Шыңғырлау, Шежін, Деркөл, Шаған, Өлеңті, Шідерті өзендерінде су көлемі мол. Биыл он жылдан кейін мұз жару іс-шарасы қолға алынды. Он күнде қала мен бес аудандағы өзендердің 26 бөлігінде мұз жарылды. Бұған облыстық бюджеттен 35 млн теңге бөлінген.
Азамат Исмайлов, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:
Алда күтіліп отырған ағын судың болжамы барлық өзенде нормадан көп болып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш нормадан төмен болатын. Алайда су ағыны көп болғанымен, қазір қардың қалыңдығы, жер тоңы, басқа да гидрометеорологиялық көрсеткіштер төмен болып отыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді
24.04.2026, 13:17
Қосшыда «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті
24.04.2026, 13:15
Қазақстанда Ресейдің мәдениет күндері басталды
24.04.2026, 13:13
Еуропарламент депутаттары үнемдеуге үндей бастады
24.04.2026, 13:10
ЕуроОдақ Ресейге 20-шы пакет санкция қабылдады
24.04.2026, 13:07
Зиянды заттарға тәуелді 108 мыңнан аса адам есепте тұр
24.04.2026, 13:03
Қазақстан мен ЮНЕСКО төтенше жағдайларға қатысты меморандумға қол қояды
24.04.2026, 13:00
Ақмола облысында 40 мың түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды
24.04.2026, 10:49