Жетісу облысында аулаларды су басты
Еріген қар суы Жетісу облысы Алакөл ауданының бірнеше елдімекен тұрғындарын түнімен әбігерге салды. Көлбай, Қабанбай және Бескөл ауылдарының көшелеріне қарғын су кіріп, аулаларға жайылды. Бір ғана Бескөл станциясында төтенше жағдай қызметінің мамандары 19 ауладан су шығару жұмыстарын жүргізді. Жалпы Жетісу өңірі бойынша, 31 ауылда су тасу қаупі басым. Алайда, құтқарушылар жергілікті билікпен бірлескен әрекеттер нәтижесінде, 22 елдімекенде су басу немесе тасу қаупі сейілді. Ал қалған ауылдарда төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:
Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен, 50 адам, 10 бірлік техника жұмылдырылып бес аула аумағынан су сорылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Ешқандай зардап шеккендер, қираулар болған жоқ.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16