АҚШ-та Орталық Азиядағы интеграция мәселесі талқыланды
АҚШ астанасы Вашингтонда Орталық Азиядағы интеграция мәселесі талқыланды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және АҚШ-тың сарапшылары қатысқан жиында аймақты дамыту жолдары сөз болды.
Мамандардың пікірінше, өңір елдері бұған дейін ұлттық бірегейлікті сақтауға аса мән беріп келді, ол көбіне аймақтық әріптестік әрекеттермен үндесе бермейтін. Дегенмен қазіргі кезде ортақ мақсатқа негізделген бастамалар қайта жандана түсті. Аймақ елдері өзара сауда-саттықты кеңейту, тиімді қарым-қатынас орнату, өзекті мәселелерді өзара ықпалдастық арқылы шешу істерін қолға алды. «Бұл қазіргі аумалы төкпелі болып тұрған әлемдік геосаяси ахуал тұсында жақсы әрі керек үрдіс»,- дейді сарапшылар.
Алехандро Санчес, сарапшы:
Мұндай интеграция мен ынтымақтасу Орталық Азияның дамыған елдерінен көрші мемлекеттердің кенжелеп қалмауы үшін тиімді. Осылайша Орталық Азия біртұтас аймақтық деңгейде дамып, бірлесіп бірегей істерді атқара алады. Нәтижесінде олар Еуропалық Одақ, Жапония, АҚШ және бүкіл әлемнің көшбасшы елдеріне сенімді серіктес болады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14