Ертең Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары басталады

10.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ертең Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары басталады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

Былтыр қарашада Президент Бакуге жұмыс сапарымен барғанда Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапарға шақырған. Сол кезде Каспий табанынан талшықты-оптикалық байланыс линиясын тарту, Әзербайжан арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін арттыру, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту сияқты аса маңызды мәселелерді талқылаған. Демек осы бағыттар бойынша келіссөздер «келбеті» дейміз бе, айқындалып қалған деген сөз. Қайталаудан жалықпаймыз, бұлар рас, еліміз үшін өте-мөте маңызды жобалар.

Жайна Сламбек

Хабарламаларға жазылу