Дәрігерлер 3 литр қан жоғалтқан әйелді аман алып қалды
Солтүстікқазақстандық дәрігерлер 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді өлімнен аман алып қалды.
Жадыра Ахметова ақпан айында 5-ші сәбиін дүниеге әкелген. Жас ана бір апта бұрын күтпеген жерден науқастанып, комаға түскен. Шал ақын ауданындағы ауруханаға түнделетіп облыс орталығынан санитарлық авиациямен жеткен бір топ дәрігер шұғыл операция жасап, көпбалалы ананы ажалдан аман алып қалды.
Жадыра Ахметова, көпбалалы ана:
Алланың арқасы ғой, содан кейін дәрігерлердің арқасы. Емдеп, барынша жүгіріп, көмектесіп. Өте персонал деген енді, таң қалдым. Даже ренаимацияның медсестраларының өзі сондай жақсы ше. Барлығы қайта-қайта келіп, менің көңілімді сұрап.
Бүгін көпбалалы ана сырқатынан айығып, үйіне шықты. Мамандар 3 литр көлемінде қан жоғалтқан адамның өлімнен аман қалуы сирек жағдай дейді.
Владимир Русов, облыстық көпбейінді аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі:
Шал ақынға көршілес Ғабит Мүсірепов ауданында білікті гинеколог маман бар. Ол облыс орталығынан дәрігерлер бригадасы жеткенше қанның кетуін тоқтатты. Қажет сәтте ота жасалып, науқасқа тиісті медициналық көмек көртетілді. Жадыраның аман қалуы бір ғана адамның емес, ұжымдық еңбек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06