Қазақстан Жазушылар Одағы әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады
Қазақстан Жазушылар Одағы әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады. Аруларға ақ дастархан жайылып, әннен шашу шашылып, сыйлықтар берілді. Одақтың басқарма төрағасы Мереке Құлкенов алғашқы болып сөз алып, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған қаламгерлерге демеу болған жарларына алғыс айтты. Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйтқысы, береке-бірліктің шырақшысы екенін атап өтті.
Салтанат Мырзалиева, Қадыр Мырзалиевтің жары:
Әуелден келе жатқан мейрам ғой 8 наурыз деген. Совет үкіметі кезінде де болған. Қазір жалғасы жүріп жатыр. Сондықтан біздер үшін бұл құрметті мейрам болып келеді. Бізді құрметтеп, ағаларын еске алып. Бізді әрі қуантып, әрі кішкене қайғыртып, ағаларының жоқтығын білдірмеуге тырысып жатыр. Барлығына таудай рақмет, айналайын!
Уәзипа Жиенбаева, Сағи Жиенбаевтың жары:
Әр уақытта ағаларың тірі кезінде де 8 наурызда сыйлығын алып келіп, құттықтайтын. Бәріміз қуанатынбыз. Балаларымызда әлі күнге дейін осы 8 наурызды ерекше атап өтеді. 8 наурыз бұл – көктемнің басы. Жақсылықтың басы деп білеміз, айналайындар! Ол кісілер бүгін бір аунап түсіп жатқан шығар. Жазушылар Одағына рақмет. Жылда көктемде, дүниенің жаңарған күні. Гүлдердің, бәйшешектің шыққан күні.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13