Шығыстағы таулы аудандарда қар көшкіні толастамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы таулы аудандарда қар көшкіні толастамай тұр

06.03.2024

Шығыстағы таулы аудандарда қар көшкіні толастамай тұр. Селден қорғау мекемесінің мамандары тау арасындағы автокөлік жолдарымен жүргенде ерекше сақ болуды ескертеді. Өйткені наурыз бен сәуір айлары өте қауіпті кезең. Бетін күн шалған қардың астыңғы қабаты да босайды. Ал осы қыста мамандар апаттың алдын алу үшін 60 рет жарылыс жасап, 200 мың текше метр қар түсірді. Таулы аймақтағы дәл қазіргі ахуалды тілшіміз Олжас Керейхан көзбен көріп келді.

Қауіптің бетін қайтару үшін мамандар жол бойындағы қардың қалыңдығын күн сайын өлшейді. Ол үшін әр бағыт, әр аумақ бойынша екі байқаушы жұмыс істейді. Олар сол жердегі жағдайды қадағалап тәулігіне 2-3 рет орталыққа ақпарат береді.

Болат Құрманғалиев, аумақтық пайдалану басқармасының бақылаушысы:

Қар жауған кезде өте қауіпті саналады. Егер тоқтаусыз жауаса біз жолды уақытша жабамыз. Одан соң қарды өлшеп, мониторинг жасап көшкін түскелі тұрса, жасанды жарылыс арқылы қарды түсіреміз.
Жалпы, елімізде қар көшкіні түсетін қаупті 600 ге жуық аумақ болса, оның 497-сі шығыста. Сондықтан өңірдегі мамандар алғашқы қар жауған күннен бастап бақылауды күшейтеді.

Олжас Керейхан, тілші:

Алтай тауларының күнгей беттерінде қардың көбесі біртіндеп сөгіле бастады. Еріген қарғын су қазір жолдың үстімен ағып жатыр. Ал етекегі ел үшін ең қауіптісі қар көшкіні. Өскемен Таулы Үлбі автокөлік жолы бойында осы қыстың өзінде мамандар қарды 8 рет жасанды жарылыс арқылы құлатып қауіптің алдын-алды.
Көшкін жүретін қауіпті аумақтарда 400 ге жуық шаруашылық нысаны бар. Көбісі демалыс орындары мен автокөлік жолы. Сондықтан биік беткейлердегі қарды жарылыс арқылы түсірмесе күн райы күрт жылынса, лай жүріп жолындағыны түгел шайып кетуі ықтимал.

Советбек Самбеков, аумақтық пайдалану басқармасының басшысы:

Қауіп өте көп. Өйткені қардың биіктігі өте көп. Сондықтан біз жарылыс жұмыстарын жүргізіп отырамыз 01.44.55-Қазіргі таңда бізден қар ошақтарында қардың биіктігі 40 сантиметрден 160 сантиметрге дейін келіп тұр. Осы ошақтарда біздің бақылаушалар күнделікті бақылау-қадағалау қар көшкіні аяқталғанша жалғасытра беретін болдады.
Көшкін түсетін тік беткейлерге 160 тақтайша орнатылған. Әр аумақтағы қардың қалыңдығы сол белгілер арқылы анықталады. Аймақта қазір өзендердегі мұзды жарып жатыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу